22.02.2019, 22:16
Қараулар: 445
«Жастығын жалын шарпыған» ардагерлер

«Жастығын жалын шарпыған» ардагерлер

Бүгін   М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінде, 1-наурыз дүниежүзілік қорғаныс күніне орай, төтенше жағдайлар бөлімінің ұсынысымен «Жастығын жалын шарпыған» атты ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші оздырылды. Кешке ауған соғысының ардагерлері Ғилым Әліп, Қазбек Әбдірешев және Кәрімжан Әткешов,  сондай-ақ аудандық төтенше жағдайлар және өрт сөндіру бөлімдерінің басшы-қызметкерлері қатысты. Шара барысында колледж директоры Берік Ихсанов ауған жауынгерлерін Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуымен құттықтап, сөз сөйледі.  Жиында  колледж студенттері мәнерлеп өлең оқып, ән шырқады. Кеш соңы спорттық шаралармен жалғасты.

Гүлім Асқарқызы                 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар