22.02.2019, 22:23
Қараулар: 13
Салт-дәстүрдің бірі – «Сыбаға»

Салт-дәстүрдің бірі – «Сыбаға»

         Бүгін Жәнібек ауылындағы ардагерлер үйінде аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен қазақтың салт-дәстүрінің бірі – «Сыбаға» туралы танымдық шара өтіп, оған еңбек ардагерлері, ауыл жастары, А.Оразбаева атындағы негізгі мектептің мұғалімдері қатысты.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев сөз алып, аталған шараның «Ұлы даланың дәстүрлеріне негізделген қайырымдылық шараларының 2019 жылға арналған күнтізбесі» аясында өткізіліп отырғанын атап өтті.

Шара барысында ардагерлер Бекет Әліпқалиев, Самиға Қайырова, Қабаш Жүнісов, Наталья Сажина, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Дина Сапашева, А.Оразбаева атындағы мектептің мұғалімдері Диана Жеңісова мен Нәзира Әмірханова сыбаға туралы өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды.

А.БАЙБАРАҚ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар