23.02.2019, 19:04
Қараулар: 6
Көше тазалығын сақтау — міндет

Көше тазалығын сақтау — міндет

Бүгін аудан әкімі Азамат Сафималиев Д.Нұрпейісова  атындағы және Наурыз көшелерінің бойында жаңадан салынып, былтыр жыл соңына қарай  пайдалануға берілген   үйлердің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында ол тұрғындар мекен-жайларының жанындағы   контейнерлерге қалдық заттарды салу, төгу мәселелеріне байланысты жайттарды талқылады. Сол маңда тұратын көпшілік бұл мәселе туралы қордаланған  түйткіл тұстарды қозғап,  өздерінің пікір, уәжін жеткізді. Бұл істі реттеуші кәсіпкер  Бауыржан Сабанов,  қажетсіз заттарды орналастыратын контейнерлерді бақылап, қадағалайтын жауапты тұрғын тағайындау керектігі жөнінде ұсынысын айтты. Тұрғындар бұл ұсынысқа бірауыздан келісетіндігін білдірді.

Гүлім Асқарқызы