23.02.2019, 19:17
Қараулар: 38
«Жәнібек дауысы 2019» жүлдегері анықталды

«Жәнібек дауысы 2019» жүлдегері анықталды

Аудандық мәдениет үйінде «Жәнібек дауысы 2019» жобасының финалы мәресіне жетті. Финалға аяқ басқан 4 үміткер осы жолы жеке және тәлімгерлерімен бірге ән айтып, сайысқа түсті.  IV кезең бойына басқа үміткерлерден оқ бойы озық шығып, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан үміткер Т. Жароков атындағы мектептің 11 сынып оқушысы- Айнамкөз Әнуарова жеңімпаз атанды. Сондай-ақ оның тәлімгері Шынар Каюпова «Үздік тәлімгер» атағын алса, Нұркен Үмбетәлиев «Көрермен көзайымы» номинациясын иемденді. Жеңімпазды  аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Бекежан Шарафутдинов құттықтап, кубок және 50мың теңгенің сертификатын табыс етті. Ал қалған үш қатысушы  он мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық иеленді.

Гүлім Асқарқызы