25.02.2019, 10:54
Қараулар: 36
Жүректегі иман

Жүректегі иман

Жақсыбай ауылдық мәдениет үйінде мәдениет қызметкерлері ауыл имамы және  учаскелік полиция инспекторымен кездесу өткізді. «Жүректегі иман» атты кездесуде жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр ісінде әділдік көрсететін адамды «иманды» деп атаған. Осыған орай имандылық жолында түсініктеме беру үшін, ауыл имамы  Хамидолла Сайполлаұлы сөз сөйледі. Шара барысында экстремизм туралы кинофильм көрсетілді. Жиында учаскелік полиция инспекторы Бейбіт Темірғалиев, мәдениет үйінің директоры Назымгүл Қайырлықызы сөз алып жасөспірімдерге мейірімділік пен ізгілік хақында ұғынықты әңгімелер айтты.

Лаура Халина