25.02.2019, 12:34
Қараулар: 29
Мерекеге арналды

Мерекеге арналды

Жуырда Қазталов ауданының Ақпәтер ауылында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай дзюдо күресінен 2005-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазталов аудандық біріншілік болып өтті. Жарыста 5 команда 80 спортшыдан Жәнібек ауданы атынан қатысқан балғын палуандар жақсы нәтижеге қол жеткізді. Нақтырақ айтатын болсақ, Мұхамбет Әбу (26келі), Әлижан Рахмушев (29 келі), Саят Нұрсұлтанов (42келі) және Әлімжан Жұмағалиев (50 келі) бірінші орыннан көрінсе, Алихан Садуақасов (45 келі), Айдар Есболат (46 келі), Ескендір Хабаев (+55 келі) екінші орынды иеленді. Ал Думан Мұса (38 келі), Манас Ережепов (46 келі) және Дарын Асқаров (55 келі) үшінші орынға ие болды. Жеңіс құтты болсын!

Г.МӘДИ