26.02.2019, 11:53
Қараулар: 157
Жұмысқа тартылды, материалдық көмек берілді

Жұмысқа тартылды, материалдық көмек берілді

           Жәнібек ауылдық округі бойынша былтыр аудандық жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұрған 403 жұмыссыз ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып, оларға 11 млн 393 мың 900 теңге мөлшерінде жалақы төленген. 55 жас маман «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша уақытша жұмысқа жолданып, соның 11-і тұрақты жұмысқа қалдырылған. 41 адам кәсіби оқуға жіберіліп, қажетті мамандықтар бойынша қайта даярлаудан өткізіліпті.

Аз қамтылған және кедей отбасыларды қолдау бағытында өткен жылы 108 жанұяға (486 адам) 21 млн 564 мың теңге мөлшерінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көсетілген. 127 отбасына (533 адам) 5 млн 680 мың теңге көлемінде тұрғын үй көмегі және 218 адамға 4 млн 930 мың теңге мөлшерінде материалдық жәрдем беріліпті. Сондай-ақ былтыр 373 отбасыға 1 млн 788 мың теңгенің түрлі қайырымдылық және демеушілік көмегі көрсетілген.

А.ЕСІРКЕПОВ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар