26.02.2019, 15:40
Қараулар: 505
Жаныңда жүр жақсы адам

Жаныңда жүр жақсы адам

Жәнібек ауданында аудандық мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 1  наурыз — Алғыс айту күніне орай  «Жаныңда жүр жақсы адам» атты шара оздырылды. Шарада аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Бекежан Шарафутдинов барша қызметкерлерді мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірсе, аудандық демалыс орталығының директоры Алтай Бақтығалиев пен аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Светлана Джукина  мәдениет саласында ұзақ жылдар қажырлы еңбек етіп, жанындағы жандарға қуаныш сыйлап, өнерде шәкірттер тәрбиелеп, соңына із қалдырып келе жатқан, ұжым ортасында сыйлы жандар Шынтемір Рамазанов, Анаргүл Кенжеғалиева, Қарлыға Қадралиева, Кәрима Исмағұловаға алғысхат пен естелік сыйлықтар табыс етті.

Лаура ХАЛИНА