26.02.2019, 15:56
Қараулар: 614
Жаңа құрамнан жаңа бастама күтеміз

Жаңа құрамнан жаңа бастама күтеміз

Кеше Ақордада Елбасының қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Билік палаталарының толық құрамды кездесуінде маңызды шешімдермен қатар ауыс-түйістер де орын алды. Соңғы жылдары үкімет құрамы бірнеше рет өзгеріп, ондағы мемлекеттік қызметкерлер қысқарып, бір мезгілде қайтадан толығып  жатады. Елбасы Асқар Маминді үкімет басшысына ұсынды. Парламент депутаттарының қолдауымен ол үкімет басшысы болып тағайындалды. Ол еңбек жолын қатардағы өндіріс қызметкерінен бастап бірінші вице-министрге дейін көтерілді әрі Астананың  әкімі қызметінде болды. Министр лауазымын да атқарды. Сондықтан Президент қойған міндеттерді іске асыру оның қолынан келеді деп білемін. Жаңа құрамнан жаңа бағыттағы басқару үрдісін күтеміз.

Сағынбек СТАМОВ,

аудандық жастармен жұмыс

жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы