26.02.2019, 16:02
Қараулар: 601
  Нақты шаралар қабылданады деп сенемін

  Нақты шаралар қабылданады деп сенемін

Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы даму кезеңі Елбасы, партия Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев жетекшілік жасайтын «Нұр Отан» партиясымен тығыз байланысты екені мәлім. Өзінің 20 жылдық тарихында «Нұр Отан» партиясы елімізде жүргізіліп жатырған демократиялық, саяси, экономикалық реформалардың іске асырылуына белсене атсалысып, мемлекетіміздің дамуына айтарлықтай үлес қосып келеді. Партияның басты ұстанымы – қазақстандықтардың құқықтары мен мүдделерін қорғай отырып, ел экономикасының қалыпты дамуына ықпал жасау. Сондықтан да бүгінде елімізде атқарылып жатқан барлық игі істер Елбасының салиқалы саясатымен байланыстырылып, қолда бар жетістіктерімізді «Нұр Отан» партиясының іс-қимылымен ұштастырамыз. Партияның ертең өтетін кезекті съезінде әлеуметтік қолдауды күшейтуге және азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған нақты шаралар қабылданады деп сенемін.

                                                                                  Жәнібек КЕНЖЕҒАЛИЕВ,

аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы,

«Оңтүстік» БПҰ төрағасы,