26.02.2019, 17:37
Қараулар: 182
Нақты нәтиженің партиясына айналды

Нақты нәтиженің партиясына айналды

Биыл «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы атап өтілуде. Осы уақыт ішінде ол қазіргі заманғы талаптарға сай қалыптасып, жаңа әрі заманауи тұрпатты партияға айналды. Бұл тұрғыда «Нұр Отан» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бағдарының тиімді жетекшісі бола алғаны белгілі. Атап айтқанда, Астанада 27 ақпан күні «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі өтеді. Кезекті съезд партияның 20 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. «Нұр Отан» нақты нәтиженің, ілкімді істің партиясы атанып, елдің көңілінен шыға білді. «Елің қуатты болса, бағың тұрақты болады» дейді халқымыз. Күнімізді шуақты ету үшін елімізді қуатты ету барлығымыздың ортақ парызымыз. Елімізді әлемнің ең қуатты 30 елінің қатарына қосу – алдымызда тұған үлкен, ұлы мақсат. Бұл «Нұр Отанның» болашаққа жол сілтейтін темірқазығы болуға тиіс.

Дәулет Ғайнуллин,

аудандық «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы