27.02.2019, 9:59
Қараулар: 505
Биік белестерді бағындыру-өз қолымызда

Биік белестерді бағындыру-өз қолымызда

«Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII сьезі партияның құрылғанына 20 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Онда партияның 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасын талқылау, партия Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу, партиялық органдардың есебін тыңдау және партия Саяси кеңесінің құрамын жаңарту күн тәртібіне енгізіледі деп күтілуде.  «Аталған съездің партиямыздың 20 жылдығы ауқымындағы басты іс-шара боларына және алдағы жылдардағы мақсат-міндеттерді анықтап, саяси ұйымның одан әрі жаңғыруына тың серпін беретініне сеніміміз мол»,- дейді   аталған партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев өз сөзінде.

Біз алдымыздағы биік белестерге шығуымыз керек. Олардан алқынбай өту, белестерді бағындыру – біздің өз қолымызда. Мызғымас бірлік пен тынымсыз еңбек, жасампаздық пен жаңашылдық, жауапкершілік ең басты құралымыз болмақ. Біз өзімізді ұдайы қамшылап, алға ұмтыла білсек қана  биік белеске, көздеген мақсатқа жете аламыз. Еліміздегі жетекші партияның халық мүддесі жолындағы  асыл мұраттарды жүзеге асырары хақ.

Нұрғанат Досжанов,

Жақсыбай ауылдық округінің жасстармен жұмыс жөніндегі нұсқаушысы