27.02.2019, 11:48
Қараулар: 170
«Алтын сақа» сайысы

«Алтын сақа» сайысы

«Балапан» бөбекжайында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын насихаттау және жүзеге асыру бағытында ата-аналармен бірлесіп «Алтын сақа» атты шара ұйымдастырылды. Ата-аналар «Тұлпар», «Қыран», «Достық» атты  үш топқа бөлініп  сайысты. Сайыс барысында өлкетану, үй тұрмысы құрал-жабдықтар, үй жиһаздары, ұлттық тағамдарға байланысты сұрақтар берілді. Бүлдіршіндер сайысты «Тәуелсіздік тұғыры» әнімен ашып, «Аққу», «Бәйге», «Алға, Қазақстан!» билерімен әрлендіре түсті. Сайыс соңында топтар марапатталды.

Лаура ХАЛИНА