27.02.2019, 15:46
Қараулар: 208
  «Көктем – 2019» командалық-штабтық жаттығуы

  «Көктем – 2019» командалық-штабтық жаттығуы

 

Бүгін Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Жақсылық Абдоловтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өтіп, күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты 2018 жылы атқарылған жұмыстар мен 2019 жылдың алда тұрған міндеттері және көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық туралы аудандық төтенше дағдайлар бөлімінің бастығы Серік Алтаев, аудандағы санитарлық-эпидемиологиялық және эпизоотиялық жағдай туралы аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекші маманы Нұргүл Мұстаева мен ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Жәнібек аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Еділ Жүкеев хабарлама жасады. Хабарламалар талқыланып, ұсыныс-пікірлер ортаға салынған отырысты Жақсылық Каримоллаұлы қорытындылады. Сонан кейін аудан әкімі Азамат Сафималиұлы бастаған комиссия мүшелері орталық алаңдағы 2019 жылдың көктемгі су тасқынына дайындық кезіндегі құтқару және өзге де кезек күттірмейтін жұмыстарды атқарудағы шұғыл әрекет ету жасағының, аудандық қызметтер мен жетекшілік және командалық-басшылық ету құрамының қатысуымен «Көктем 2019» командалық-штабтық оқу-жаттығуына арналған дайындықты тексеріп, тиісті қызметтердің техникамен, шұғыл әрекет етуге қажетті басқа да құрал жабдықтармен қаншалықты қамтамасыз етілгеніне нақты көз жеткізді.

А.ЕСІРКЕПОВ