27.02.2019, 15:56
Қараулар: 466
Үлкен қолдау

Үлкен қолдау

«Нұр Отан» партиясының бүгінгі өткен кезекті съезінде көтерілген мәселелер ең алдымен елдегі демографиялық ахуалды жақсартуға ықпал ететінін атап өту керек. Сьезде айтылғанындай, аз қамтылған, тұрмыс әлеуеті нашар көп балалы отбасыларына берілетін жәрдемақының мөлшері өседі және үй-күйсіз жүргендерге жалдамалы пәтер берілетін болды. Мұның өзі осындай тотағы жандарға уақытында көрсетілген көмек деп білеміз. Шындығында да баспанасы жоқ, әркімнің пәтерін жалдап күн көретін жас кадрдан қандай жұмысты, қандай еңбек өнімділігін талап етеміз деуге толық негіз болатын. Елбасы сьезде ең алғашқы кезекте көп балалы отбасылардың тұрмысын жақсартуды міндеттеді. Олардың алдағы уақытта 2-3 пайыз мөлшерінде жеңілдікпен үй ала алатынына қуанып отырмыз.

 

                                                                          Зәмзагүл Сапарғалиева,

    Жәнібек аудандық орталық ауруханасының кадр жөніндегі инспекторы