28.02.2019, 10:39
Қараулар: 457
Игі істер көп болғай

Игі істер көп болғай

Кеше Астанада өткен Нұр Отан партиясының ХVIII съезінде ауқымды мәселелер талқыланды. Бұл съезд елдің келешегіне байланысты көптеген маңызды шаруалардың бағытын ашып берді деп ойлаймын. Елбасының өз аузынан еліміздің экономикалық өсімі және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға байланысты айтылған мәселелерін естіп, тыңдап, қанағаттандық. Көп балалы отбасыларға көмек көрсету, оларға жағдай жасау және баспанамен қамтамасыз ету мәселелері алдағы уақытта шешімін таппақ. Осындай игі істер іс жүзінде жалғасын таба берсе, ел экономикасының нығайып, халық жағдайынының жақсаратынына сенімім мол.

Шамил Досжанов

Жақсыбай ауылдық округінің қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы