28.02.2019, 10:56
Қараулар: 7
   45 пайызы әлеуметтік салаға бағытталады

   45 пайызы әлеуметтік салаға бағытталады

Кеше Астанада өткен «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде Елбасы халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жаңа мемлекеттік бағдарламаны жария етті. Аталған бағдарламада аз қамтылған отбасылар, көп балалы аналар және барлық тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған маңызды мақсат, міндеттер қамтылған.  Мемлекет басшысы шешімін күткен әлеуметтік мәселелер еліміз үшін күн тәртібінде тұрған мәселелер екенін айтты. Көп балалы аналар, тұрмысы жұтаң отбасылар әкімдер мен министрлер кабинетінің басты назарында болуы тиіс. Билік және партия елмен етене жұмыс істеуі тиіс.  Ал оның нәтижесі халықтың әлеуметтік жағдайымен, қарапайым отбасылардың тұрмысы қаншалықты өзгергенімен  өлшенетін болады. Сьезде сөз болғандай, енді  республикалық бюджеттің 45 пайызы  әлеуметтік салаға бағытталады. Мемлекет басшысы көпбалалы және толық емес отбасыларға, мүгедек балалары бар, аз қамтылған отбасыларға пәтер сатып алудың қолжетімділігін арттыруды тапсырды.  «Бұл санаттағы азаматтар Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы жылдық 2-3 пайызбен баспанаға қол жеткізе алады. Ал көп балалы аналар әрбір сәбиі үшін мемлекеттен ай сайын 21 мың теңге өтемақы алады.  Елбасы әсіресе, бұл бағыттағы жұмыстар халық көп шоғырланған аймақтарды басты назарда болуы тиіс екендігін мәлім етті.

                                                                                           Нұрлан Кәрімғалиев,

                                                                                      мұғалім,

                                                                                      Ұзынкөл ауылы