28.02.2019, 10:59
Қараулар: 448
   Көпбалалы отбасыларға қолдау болады

   Көпбалалы отбасыларға қолдау болады

Мен бұрын ауданның білім беру саласында ұзақ жыл еңбек еттім. Бүгінде зейнеткермін. Бірақ зейнеткермін деп қол қусырып қарап отырған жоқпын. Жәнібек аудандық аналар кеңесінің төрайымымын. Таяуда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында «Аналарды ардақтау – асыл дәстүр» атты бірінші аудандық аналар форумын өткіздік. «Нұр Отан» партиясының күні кеше өткен ХҮІІІ съезін теледидардан көріп, көпбалалы отбасыларға жасалатын қамқорлық жөнінде Елбасының ұсыныстарын тыңдап, шексіз риза болдым. Бұл ретте жәрдемақы өсіп, баспана мәселесінде көпбалалы отбасыларға жеңілдіктер жасалмақ екен.  «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы салынатын пәтерлер әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға арналмақ. Сондай-ақ көпбалалы, толық емес отбасыларға, мүгедек баласы бар адамдар үшін 3-5 пайызбен тұрғын үй несиесі берілмек. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан осындай қолдаулар олардың кемел келешекке деген сенімін нығайта түсері сөзсіз.

Дина САПАШЕВА,

аудандық аналар кеңесінің төрайымы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар