28.02.2019, 14:51
Қараулар: 160
    Телефон ұрлап тұтылды

    Телефон ұрлап тұтылды

Жәнібек аудандық полиция бөлімінен түскен ақпаратқа сәйкес, биыл ақпан айының 22-сі күні түнгі сағат 05:30 шамасында азамат М. спиртті ішімдік ішкен масаң күйде Жәнібек ауылында орналасқан мәдениет үйінің жылыту қазандығына кіріп, азамат Т.-ның меншігіндегі «Самсунг  4» маркалы ұялы телефонын ашық түрде жымқырып, оқиға орнынан бой тасалаған. Нәтижесінде жәбірленуші Т.-ға 75 мың теңге көлемінде материалдық залал келтірген. 22 ақпан күні азамат М.-ның үстінен ҚР ҚК-нің 191-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, анықтау жұмыстары жүргізілген. Бұл жұмыс 25 ақпан күні ҚР ҚПК-нің 190-бабымен аяқталып, заңдылығын тексеру және процессуалдық шешім қабылдау үшін Жәнібек аудандық прокуратурасына жолданған.

А.ЕСІРКЕПОВ