28.02.2019, 15:04
Қараулар: 179
  Алдын алу іс-шарасы өткізілуде

  Алдын алу іс-шарасы өткізілуде

                    

Жәнібек аудандық полиция бөлімінен түскен мәлімет бойынша, ақпанның 28-і мен наурыздың 6-сы аралығында ауданда «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Шараны өткізу барысында аудандық полиция бөлімінің күштері мен құралдарын орналастыру жоспары әзірленіп, жедел штаб құрылған. Бөлім қызметкерлері мекенжайлары бойынша есептегі тұлғаларды анықтап, жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау бағытында жұмыстар жүргізуде. Аудан тұрғындарының жасалып немесе дайындалып жатырған  заң бұзушылықтар болса аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 102, 21503 телефондары арқылы хабарласуларына болады.

                                              А.ЕСІРКЕПОВ