1.03.2019, 15:13
Қараулар: 7
Біріншілік басталды

Біріншілік басталды

Бүгін Жәнібек ауданында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен Алғыс айту күніне орай  самбо күресінен 2003-2005 және 2006-2008 жылы туған ұлдар мен қыздар арасындағы аудандық ашық біріншілік өтті. Оған Жәнібек,Ұзынкөл, Ақоба, Күйгенкөл, Тау, Қамысты ауылынан оқушылар қатысты. Ашылу салтанатында сөз алған аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Бекежан Шарафутдинов көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Салтанатты ашылудан кейін жарыс басталып кетті.

Жарыстың қорытындысын «Шұғыла» газетінен оқи аласыздар.

Лаура ХАЛИНА