2.03.2019, 15:26
Қараулар: 5
«Жәрдем» акциясы бастау алды

«Жәрдем» акциясы бастау алды

 

Ауданның барлық мекеме қызметкерлерінің бастамасымен 2019 жылдың 2 наурызынан бастап ауылдық округтер мен елді мекендердің су басу қаупі бар жерлерінде көктемгі суға кетудің алдын-алу мақсатында  «Жәрдем» көпшілік қар шығару акциясы басталды. Ауыл тұрғындары, әр түрлі сала қызметкерлері қолдарына күрек алып, техникасы бар мекемелер техникаларын шығарып, қар шығару жұмыстарына атсалысты. Алдағы уақытта көмекке мұқтаж жандардың мекенжайларына барып көмек көрсетіледі.

Гүлзара ТІЛЕКҚАБЫЛҚЫЗЫ