2.03.2019, 15:33
Қараулар: 26
«Улы газдан сақтан» акциясы

«Улы газдан сақтан» акциясы

Бүгін өрт қауіпсіздігі сенбілігін өткізу барысында Жәнібек аудандық төтенше жағдайлар, өрт сөндіру, газ шаруашылығы және аудандық полиция бөлімдері бірлесе отырып «Улы газдан сақтан» акциясын өткізді. Науқанның мақсаты – өрттерде адамдардың өлімінің, жарақат алуының, улы газбен уланудың алдын алу және тұрғындар арасында жеке қауіпсіздік мәселесі болып табылады. Аталған бөлімдердің жеке құрамын жұмылдыра отырып, тұрғындарға «Улы газ» тақырыбында  жадынамалар таратылды. Сонымен қатар апатты үйлердің тұрғындары Э.Матаева мен С.Бисекеновке қауіпсіздік тұрғысындағы үгіт-насихат жүргізіп, ескертулер толтырылды.

Гүлзара ТІЛЕКҚАБЫЛҚЫЗЫ