5.03.2019, 16:22
Қараулар: 26
  Көмек қолын созуға дайын

  Көмек қолын созуға дайын

 

 

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Жәнібек аудандық филиалының ғимаратында жаңадан тағайындалған аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Манарбек Қаташев ауданымыздағы үкіметтік емес ұйымдардың мүшелерімен кездесті.

Жиында Манарбек Мақсотұлы аталған ұйымдар мүшелеріне құқықбұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау үшін бірлесе жұмыс жасаудың тиімділігін айтып өтті. Басқосуға қатысқан аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Қошанова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Бекет Әліпқалиев, ардагер-ұстаз Қабаш Жүнісов, аудандық мешіттің бас имамы Есенболат қажы Абдуғалиев және «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дәулет Ғайнуллин сөз алып, жаңа басшыға сәттілік тілеп, ортақ жұмысты бірлесе отырып атқаратындығын жеткізді. Еңбек ардагері Әбес Темешов алдағы уақытта ардагерлердің полицияға  көмек қолын созуға әрқашан дайын екендігін айта отырып,  жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуда түнгі мезгілде кезекшілік ұйымдастыру қажеттігін  алға тартты.

Гүлім АСҚАРҚЫЗЫ