6.03.2019, 15:11
Қараулар: 639
Волейболдан аудандық турнир

Волейболдан аудандық турнир

Бүгін Жәнібек аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен Халықаралық әйелдер күніне орай волейболдан әйелдер командалары арасында аудандық турнир өтті. Оған аудандық аурухананың, аудан әкімдігінің, «Алтын ұя» бөбекжайының, Т.Жароков және А.Оразбаева атындағы мектептердің командалары қатысты. Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов турнирге қатысушыларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, ару қыздарымызға тамаша ойын өрнегін көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінулеріне сәттілік тіледі.

Салтанатты ашылудан кейін аудандық аурухана мен А.Оразбаева командалары арасындағы ойын басталып кетті.

Жарыстың қорытындысын  facebook  парақшасынан оқи аласыздар.

Лаура ХАЛИНА