6.03.2019, 19:26
Қараулар: 434
Ақпараттық-түсіндіру тобы ауылдарда болды

Ақпараттық-түсіндіру тобы ауылдарда болды

«Нұр Отан» партиясының 18 сьезіндегі Елбасының баяндамасынан туындайтын міндеттер бойынша Жәнібек ауданында ақпараттық-түсіндіру тобы құрылды. Бүгін аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Азамат Сафималиев бастаған аталған топ мүшелері Борсы, Қамысты және Тау ауылдарында болып, тұрғындармен кездесті. Үш ауылда оздырылған жұртшылықпен жүздесу барысында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғибрат Айтқалиев үстіміздегі жылғы 1 шілдеден бастап енгізілетін жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің төленетін тәртібін слайд арқылы анық-қанығына дейін түсіндірді. Жиында ауылдардағы тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері айқын да татымды жауап қайтарды.

                                                                               Н.Есенғали