7.03.2019, 11:21
Қараулар: 456
Аудан активінің жиыны

Аудан активінің жиыны

Бүгін Жәнібек ауданының әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Азамат Сафималиевтің төрағалық етуімен аудан активінің жиналысы оздырылып, оған ауылдық округтердің әкімдері, мекеме, ұйымдардың басшылары, облыстық, аудандық мәслихаттың депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен «Нұр Отан» партиясы бастауыш партия ұйымдарының мүшелері қатысты.

-Өздеріңізге мәлім, жуырда Астанада Елбасының төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының кезекті ХҮІІІ съезі өткен болатын. Мемлекет басшысы сөйлеген сөзінде Қазақстанның өткен жылдар ішінде қол жеткізген жетістіктеріне тоқталып, еліміздегі барлық оң өзгерістерге ықпал еткен «Нұр Отан» партиясының рөлін ерекше атап өтті. Съезд барысында партияның «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасы қабылданды. Қазіргі кезде еліміздің түкпір-түкпірінде осы бағдарламаны түсіндіру жұмыстары қолға алынып, жүріп жатыр, — деді аудан басшысы кіріспе сөзінде

Жиында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев пен аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғибрат Айтқалиев «Нұр Отан» партиясының кезекті съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алға қойған міндеттерін іске асыру туралы» хабарлама жасады.

Соңында аудан активі жиынының қарары қабылданды.

А.ЕСІРКЕПОВ