7.03.2019, 12:31
Қараулар: 184
Пробация есебі берілді

Пробация есебі берілді

 

Бүгін Жәнібек ауданы әкімі аппаратының басшысы Асхат Молдағалиевтің төрағалық етуімен консультативтік-кеңесші органның 1 тоқсандағы отырысы өтті. Онда аудан бойынша  пробация есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес сотталғандарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөнінде мәселе талқыланды. Сонымен қатар, аудандық пробация қызметінің 2018 жылы атқарған жұмыс қорытындысы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру мүмкіндігін қарастыру жайы да сөз болды. Отырыста консультативтік-кеңесші органның мүшелері Әлия Оспанова, Маркс Нұфтығалиев және Мақсат Жаналиев баяндама жасады.

Гүлім ҚАБДОЛОВА