11.03.2019, 17:09
Қараулар: 629
Алдын алу іс-шарасы өткізілуде

Алдын алу іс-шарасы өткізілуде

Жәнібек аудандық полиция бөлімінен түскен мәлімет бойынша наурыздың 11-і мен 15-і күндері аралығында «Допинг»  және наурыздың 11-і мен 20-сы күндері аралығында «Борышкер» жедел алдын алу іс-шаралары өткізілуде. Осыған орай аудандық полиция бөлімінің күштері мен құралдарын орналастыру жоспары әзірленіп, бөлім қызметкерлері есірткі және психотропты құралдарды тұтыну, сақтау, тасымалдау тәртібін анықтау бағытында мекенжайлар мен мекемелерге тексерістер жүргізуде. «Борышкер» шарасы бойынша салынған айыппұлдарды өндіру және төлеттіру жұмыстары жүргізілмекші. Аудан тұрғындарының ақпараттармен аудандық полиция бөліміне 102, 21503 телефондары арқылы хабарласуларына болады.

А.ҚОЖАҒҰЛ