11.03.2019, 17:51
Қараулар: 458
Келіні жақсы үйдің керегесі алтын

Келіні жақсы үйдің керегесі алтын

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен Халықаралық әйелдер күніне орай аудан орталығындағы Т.Жароков атындағы мектепте «Келіні жақсы үйдің керегесі алтын» атты ұстаздар арасында келіндер сайысы болып өтті. Мектептің кәсіподақ ұйымы ұйымдастырып отырған бұл шараға жеті ұстаз-келін қатысты. Нақтырақ айтсақ, байқауда Бибінұр Есенова, Әсем Хаменова, Ақманар Рахметова, Зергүл Өтемісова, Эльмира Мақсотова, Альбина Досжанова, Адель Хамзиналар бақ сынады. Сайыс төрт кезеңнен тұрды. Әр қатысушы өзін тамаша таныстыра білді. Үй тірлігі мен қызметін қатар ала жүріп, отбасында ибалы келін, сүйікті жар, ұжымда дос-сырлас ретінде өздерін көрсете алды. Сонымен қатар өздері туралы бейнежазбаны көпшіліктің назарына ұсынды.

Әділқазылардың әділ шешімімен бас жүлдені Әсем Хаменова жеңіп алды. Сайысқа қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Гүлзара ЕСЕНҒАЛИ