12.03.2019, 16:29
Қараулар: 628
Жаңа тағайындау

Жаңа тағайындау

                                            

Бүгін Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиевтің №38-ө өкімімен аудандық білім беру бөлімінің басшысы лауазымына Бағида Сарбалина тағайындалды. Аудан басшысы оны ұжымына таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Сарбалина Бағида Диясқызы 1973 жылы 14 наурызда Жәнібек ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары. 1995 жылы А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын сол жылы Жәнібек ауылындағы А.Оразбаева атындағы негізгі мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2003-2008 жылдар аралығында аудандық білім беру бөлімінің бас маманы, 2008-2010 жылдары Жәнібек ауылындағы кешкі ауысымдағы жалпы білім беретін мектеп оқу ісінің меңгерушісі, 2010-2012 жылдары «Балдәурен» сәби-балабақшасының директоры, 2012 жылдан осы кезге дейін М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымын атқарып келді.

А.ЕСІРКЕПОВ