12.03.2019, 18:09
Қараулар: 30
  Жаңа бағдарлама насихатталды

  Жаңа бағдарлама насихатталды

Бүгін Жәнібек ауылдық округі әкімдігінде Елбасының «Нұр Отан» партиясының  XVIII съезінде қаралған партияның «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасын  насихаттау мақсатында жиын өтіп, оған ауылдық округ әкімі аппаратының, аудандық «Шұғыла» газетінің, аграршылар үйіндегі мекемелердің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Жиында облыстық мәслихаттың депутаты Ескендір Елемесов, аудандық мәслихаттың хатшысы Тахир Қадимов және  «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев сөз сөйлеп, «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінен туындайтын міндеттерге жан-жақты тоқталды, кейбір баптарға қатысты нақты мысалдар келтірді. Жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Л.ХАЛИНА