13.03.2019, 17:56
Қараулар: 623
Үш ауылдық округте болды

Үш ауылдық округте болды

Бүгін аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Азамат Сафималиев бастаған аталған топ мүшелері Күйгенкөл, Ақоба және Ұзынкөл ауылдарында болып, тұрғындармен кездесті. Үш ауылда оздырылған жұртшылықпен кездесу барысында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғибрат Айтқалиев үстіміздегі жылғы 1 шілдеден бастап енгізілетін жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің төленетін тәртібін анық-қанығына дейін түсіндірді. Жиында ауылдардағы тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері айқын да тұшымды жауап қайтарды.

Г.ЕСЕНҒАЛИ