14.03.2019, 16:00
Қараулар: 327
Амал мерекесіне арналды

Амал мерекесіне арналды

Бүгін Жәнібек аудандық спорт мектебінде Көрісу айт мерекесіне орай ұлттық ат спорты ойындары — аударыспақ пен теңге ілуден жарыс болып өтті. Тартысты өткен додада спортшылар әртүрлі салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаз және жүлдегер атанды. Нақтырақ айтқанда, 32 келі: 1. Аслан Нұржанов, 2. Батырхан Мұратов, 3. Рустам Тайыр; 36 келі: 1. Алмат Таумұратов, 2. Ерсұлтан Жайсаңғали, 3. Марсель Мұталиев; 40 келі: 1. Ерсұлтан Шафхатов, 2. Нұрхан Қарашев, 3. Мерлан Абдолов; 50 келі: 1. Ерболсын Мақашев, 2. Армат Мәліков, 3. Бекзат Өтебалиев; 60 келі: 1. Рахат Жұманиязов, 2. Әли Мәлік; 70 келі: 1. Әлішер Ерболатов, 2. Жасқайрат Хисметов, 3. Елдос Рақымғалиев. Ал Рахат Жұманиязов «түйе палуан» атағына ие болды. Сондай-ақ, теңге ілуден бірінші, екінші, үшінші орындарды тиісінше Әли Мәлік, Рахат Жұманиязов және Ерболсын Мақашев иемденді. Жеңімпаздар медаль, диплом және сыйлықтармен марапатталды.

Гүлзара ТІЛЕКҚАБЫЛҚЫЗЫ