15.03.2019, 10:18
Қараулар: 183
Көрісу айтты атап өтті

Көрісу айтты атап өтті

 

15-03-2019_07-54-51

Жәнібек аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Есенболат қажы Абдуғалиевтің ұйымдастыруымен көрісу айты аталып өтті. Оған намазхадар мен жергілікті жамағат қатысты. Алдымен құптан намазы оқылып, кейіннен жиналған барша қауым ақ дастарханда басқосты.  Дастархан басында Есенболат қажы, аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Қошанова, еңбек ардагері Ибрайым Сұлтанов, ардагер ұстаз Қабаш Жүнісов, өлкетанушы Ахмедияр Батырханов, тарихшы Жасқайрат Каргиндер көрісу айттың мән-маңызы, ұлттық әдет-ғұрып, ауданның аталуы, ұрпақ тәрбиесі, ойшылдар айтқан қанатты сөздерді,  отбасын қадірлей білуді, үлкенді сыйлауды , сонымен қатар Ерденбек Ниетқалиев, Мәншүк Мәметова сынды батырларымыздың, майданда қаза тапқан жауынгерлер мен  ұшқыш жерлестеріміздің ерлік істері туралы әңгімелер айтты. Аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Қабаш Жүнісов бас имам Есенболат қажы Абдуғалиевқа өзінің бата кітапшасын сыйға тартты. Зейнеткер Ибрайым Сұлтанов дастарханға ақ батасын берді. Отырыстың соңынан Мұрат Жәкібаевтың бастамасымен түсірілген «Жеңіс тарихы» және Жасқалам Әбдірахманов пен Ахмедияр Батырханов түсірген «Майдангерлер» деректі фильмі көрсетілді. Сондай-ақ «Қазақстан» ұлттық және «Хабар» арнасының тележурналистері Мейіржан Әлібекұлы мен Ерденбек Жылқайдарұлы ауданымызға келгенде түсірілген дүниелері жұртшылық назарына ұсынылды.

Гүлім ҚАБДОЛОВА