15.03.2019, 10:29
Қараулар: 137
Үстел теннисінен тартысты дода

Үстел теннисінен тартысты дода

Жуырда Орал қаласында үстел теннисінен жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында облыстық жекелей және командалық чемпионат болып өтті. Аталған чемпионатта Жәнібек аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Айдос Нұрбаевтың шәкірттері керемет ойын өрнегін көрсетті. Нақтырақ айтсақ, командалық ойында 2008 жылы туған ұлдар арасында Талғар Бекетов пен Нұрдәулет Самат және қыздар арасында Әлия Меркен мен Үміт Қалғали үшінші орындардан көрінді. 2001-2003 жылы дүниеге келген ұлдардан Бауыржан Мырзағалиев пен Роман Жанзахұлы екінші орындарды иемденді. Ал жекелей жарыста ұлдар арасында 2001-2003 жылы туған Роман Жанзахұлы екінші орын алса, Бауыржан Мырзағалиев үшінші орынға ие болды. Чемпионат қорытындысы бойынша аудан командасы жалпыкомандалық есепте жасөспірімдер арасында екінші, кіші жасөспірімдер арасында үшінші орынды иеленді. Жеңіс құтты болсын!

Гүлзара МӘДИ