15.03.2019, 15:17
Қараулар: 33
Баскетболдан турнир өтуде

Баскетболдан турнир өтуде

Бүгін Жәнібек ауданының орталығындағы Т.Жароков атындағы мектептің спортзалында аудан әкімдігінің қолдауымен, аудандық мәслихат және «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен республикалық «Нұр Отан» партиясына 20 және Қазақстан Республикасы  Мәслихаттарының құрылғанына 25 жылдығына орай мекемелер арасында баскетболдан ашық турнир өтуде. Оған  аудан әкімдігінің, №1 мектеп-лицейінің, Т.Жароков атындағы мектептің, аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының, балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің, «Шекара», «Колледж», «Аграршылар», «Достар» және «Жалын» командалары қатысты. Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Азамат Сафималиев барша мекеме қызметкерлерін атаулы мерекелерімен құттықтап,  жарысқа қатысушы команда ойыншыларына жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектестігін білдіріп, сәттілік тілесе, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы  Амангелді Уәлиев жылы лебізін білдірді.

Салтанатты ашылудан кейін «Жалын»  және Т.Жароков атындағы орта мектептің командалары ойынға кірісті.

Жарыстың қорытындысын аудандық «Шұғыла» газетінен оқи аласыздар.

Л.ХАЛИНА