16.03.2019, 13:48
Қараулар: 30
Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

 

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимаратында аз қамтылған және көп балалы аналарды қабылдады. Қабылдауға аудан әкімі аппаратының басшысы Асхат Молдағалиев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғибрат Айтқалиев, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту ортылығының басшысы  Нұрлыбек Турешов қатысты. Бір жұмаға созылған түсіндіру жұмыстарына  140-тан астам көп балалы аналар мен аз қамтылған отбасылар қатысып, өздерінің отбасылық әлеуметтік портретін жинақтады.  Және атаулы әлеуметтік көмекке байланысты қойған сұрақтарына тұшымды жауаптар алды.

Гүлім ҚАБДОЛОВА