18.03.2019, 11:40
Қараулар: 322
Егжей-тегжейлі түсіндірді

Егжей-тегжейлі түсіндірді

Бүгін Жәнібек аудандық орталық кітапханасында аудандық соттың судьясы Нұрмұханбет Жұмәлінің қатысуымен жиын болып өтті. Нұрмұханбет Бекетайұлы мәдениет саласының қызметкерлеріне Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауындағы «Сот жүйесін одан әрі жаңғырту» бөліміне тоқталып, егжей-тегжейлі түсіндірді.

— Бұрынғы мен қазіргі соттың айырмашылығы жер мен көктей. Қазіргі таңда сот жүйесі ыңғайлы әрі қарапайым. Онлайн түрде уақыт үнемдеуге де қол жеткіздік. Ауданда «Түнгі сот» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Яғни күндіз уақыт тапшы азаматтар түнде немесе кешкі мезгілде сотқа келіп, арыз не болмаса шағымдарын әкеле алады. Сонымен қатар биыл аудандық медиаторлардың көмегімен 5 отбасы ажырасудан аман қалды, — деді аудандық соттың судьясы.

Жиынға қатысушылар тарапынан сауалдар қойылып, қарапайым түрде түсінік бергені үшін судьяға алғыстарын жеткізді.

Гүлзара МӘДИ