18.03.2019, 12:04
Қараулар: 33
Ұлт азбасын — ұрпақ тозбасын

Ұлт азбасын — ұрпақ тозбасын

Бүгін Жәнібек аудандық ардагерлер үйінде жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ұлт азбасын — ұрпақ тозбасын» атты дөңгелек үстел өтті. Оған аудандық ішкі саясат және музей бөлімдерінің басшылары, М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінің мұғалімі мен студенттері және ардагерлер қатысты.

Шараның мақсаты — дені сау, адамгершілігі мол, отансүйгіш, қоғамымыздың нағыз азаматтарын тәрбиелеу. Жеткіншек ұрпақ бойына саламатты өмір салтын дарыта отырып, жаман әдет-қылықтардан аулақ болуды насихаттау.

Дөңгелек үстел барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Бекет Әліпқалиев, ардагерлер Қабаш Жүнісов, Ғайнөш Дегетаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Қошанова, аудандық музей  бөлімінің меңгерушісі Меңдігүл Фазылова сөз сөйлеп, өскелең ұрпаққа тарихи тамырын тереңге тартқан қазақ халқы тентегін тезге салып, өз ұрпағына тағылымды тәрбие бергенін жеткізді.

Лаура Халина