19.03.2019, 15:41
Қараулар: 23
Ұлттық киімдер табысталды

Ұлттық киімдер табысталды

 

Бүгін Жәнібек аудандық ардагерлер үйінде «Ақниет», «Надежда» ансамбльдерінің мүшелеріне аудан әкімінің ықпалымен қазақ және орыс халқының ұлттық нақышта тігілген киімдері табысталды. Жиынға аудан әкімі Азамат Сафималиев, аудандық маслихат хатшысы Тахир Қадимов,  аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Қошанова, аудандық демалыс орталығының басшысы Алтай Бақтығалиев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Бекежан Шарафутдинов қатысты. Алғы сөзді аудан әкімі Азамат Сафималиев алып, жиналған қауымды келе жатқан Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамымен құттықтап, олардың дендеріне саулық, отбасыларына амандық тіледі. Өз кезегінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев, зейнеткер Меңсұлу Жұмақұлова, «Ақниет», «Надежда» топтарының мүшелері Маржан Дегетаева, Наталья Сажиналар сөз сөйлеп, өздеріне көрсетілген қамқорлыққа шынайы алғыстарын білдірді.

Гүлім АСҚАРҚЫЗЫ