19.03.2019, 16:35
Қараулар: 652
«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өткізілуде

«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өткізілуде

 

Жәнібек аудандық полиция бөлімінен түскен мәлімет бойынша ҚР ІІМ-нің жедел профилактикалық іс-шараларды және арнайы операцияларды өткізудің биылғы 1-тоқсанға арналған кестесіне сәйкес, Наурыз мейрамы қарсаңында көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстарды ескерту және жолын кесу мақсатында Жәнібек ауданының аумағында наурыздың 18-і мен 20-сы күндері аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Шараны өткізу барысында қоғамдық орындар мен көшелердегі құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды, сондай-ақ өрт қауіпсіздігін ескерту және алдын алу бойынша, көңіл көтеретін мекемелер аумақтарында, адамдар көп жиналатын басқа да орындарда патрульдеу ұйымдастырылады. Аудан тұрғындары ақпараттарымен Жәнібек аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 102, 21-5-03 телефондары арқылы хабарласуларына болады.

А.БАЙБАРАҚ