20.03.2019, 15:01
Қараулар: 27
Арманда! Ұсын! Іске асыр!

Арманда! Ұсын! Іске асыр!

Бүгін Жәнібек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықта аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдоловтың төрағалығымен жастар үшін бірегей бағдарлама «Zhas Project» жобасы түсіндірілді. Бағдарламаның рәсімдері мен талаптары слайд және бейнежазба арқылы көрсетілді. Жастар жылы қарсаңында «Zhas project» жобасы негізінде ұзақ мерзімді әлеуметтік және кәсіпкерлік бағыттағы жобаларға 1 млн. теңгеге жуық қаражат бөлінеді. Аталған жобаға 14 пен 29 жас аралығындағы мектеп оқушыларынан басқа барлық жас қатыса алады. Жобаны 4-5 жас бірігіп ұсынуларына болады. Шарт бойынша олардың алғашқы алты айда өндірген немесе көрсеткен қызметі тегін болуы тиіс. Сондай-ақ жобаға қатысқан әрбір адамға 40 пен 60 мың теңге аралығында шәкіртақы беріледі.

Сондай-ақ Жәнібек ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Нұрлыбек Төрешов «Бастау Бизнес»-тің гранттарына тоқталды. Оның айтуынша, кәсіпкерлікті дамытуға арналған бұл жобаға биыл 15 грант беріледі екен.

Аудан жастары «Zhas Project» жобасына өз қызығушылықтарын танытты.

Гүлзара МӘДИ