21.03.2019, 16:35
Қараулар: 633
Наурыз мейрамы атап өтілді

Наурыз мейрамы атап өтілді

Бүгін Жәнібек ауданының жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай дөңгелек үстел өтті. Оған аудандық мешіттің бас имамы, аудан ардагерлері және саз мектебінің мұғалімі мен оқушылары қатысты. Шарада аудандық саз мектебінің мұғалімі Гүлмира Құбаева Дина Нұрпейісованың күйі «Тойбастар», шәкірттері «Күй тартыс» күйлерін орындады. Сонымен қатар Дәулетияр Амангелді, Бақытжан Әміров «Ұлыс оң болсын», «Наурыз менің елімнің мерекесі» өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысының міндеті уақытша атқарушы Майра Жұмағұлова «Қанталапай» ұлттық ойынын оқушыларға кеңінен түсіндіріп, жиынға қатысушылар ойын барысын тамашалады. Сондай-ақ,  «Тұсаукесер» дәстүрі көрсетіліп, сәбидің тұсауын кесу аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиевке ұсынылды.

Жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев, аудандық мешіттің бас имамы Есенболат қажы Абдуғалиев, ардагер Қабаш Жүнісов және өлкетанушы Ахмедияр Батырханов жиналған қауымды Наурыз мерекесімен құттықтап, қатысушыларға жылы лебіздерін білдірді.

Лаура ХАЛИНА