27.03.2019, 10:06
Қараулар: 620
Екінші орынға ие болды

Екінші орынға ие болды

 

Кеше Ресей Федерациясының Палласовка ауданында 2008 жылы туған жасөспірімдер арасында шағын футболдан матчтық кездесу болып өтті. Жарысқа 5 команда қатысып, Жәнібек аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері екінші орынға ие болды. Сонымен қатар «үздік сұрмерген» және «үздік қақпашы» аталымдарымен сәйкесінше Алижан Сырым мен Қайсар Қамит марапатталды. Жеңімпаздарға диплом және медальдар табыс етілді.

Айта кету керек, Жандос Уәлиев пен Дастан Әбдірешев спортшылардың аталған жарысқа қатысуларына демеушілік жасады.

Г.МӘДИ