28.03.2019, 12:10
Қараулар: 203
Асыл жыр қалдырған ақын ана

Асыл жыр қалдырған ақын ана

 

Бүгін Жәнібек аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жерлесіміз Халима Өтеғалиеваның туғанына 130 жыл толуына орай «Асыл жыр қалдырған ақын ана» атты поэтикалық марафон өткізілді. Онда аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Светлана Джукина кіріспе сөз сөйледі. Содан кейін Халима Өтеғалиеваның өмірбаяны таныстырылып, Т. Жароков атындағы орта мектеп, №1 мектеп-лицей, А.Оразбаева атындағы негізгі мектеп, «Жәнібек» балабақшасы, М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжі,  аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жас мамандары Халима Өтеғалиеваның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сондай-ақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев пен ардагер ұстаз Қабаш Жүнісов Халима Өтеғалиева туралы естеліктерімен бөлісті. Орталық кітапхананың оқырмандарды қамту бөлімінің кітапханашысы Жібек Батырғалиева «Сөз зергері Халима» атты кітап көрмесімен таныстырды. Жиын соңында орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Светлана Сергоқызы  жас мамандарға алғысхаттар табыстап, естелік фотосуретке түсті.

Гүлім Асқарқызы