1.04.2019, 16:18
Қараулар: 465
Жемқорлыққа – тосқауыл

Жемқорлыққа – тосқауыл

 

«Нұр Отан» партиясы Жәнібек аудандық филиалының ғимаратында аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі М.Қаташевтың, жеке құрамның және БҚО МКҚБ ММ 2-ПБ (Жәнібек ауданының) 4-взвод қызметкерлерінің, аталған партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Қуанәлиевтің қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға байланысты дөңгелек үстел өтті. Оны аудандық полиция бөлімінің бастығы кіріспе сөзбен ашты.

-Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы қабылданып, онда сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік органдар басшыларының міндеті екендігі атап көрсетілді. Аталмыш заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Сондай-ақ бұл жұмыстарды күшейту және құқықтық сауаттылықты арттыру, аталған заң талаптарын түсіндіру мақсатында кең көлемді насихат жұмыстары жүргізіліп тұрады, — деді алғашқы болып сөз алған аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қайырғалиұлы.

Дөңгелек үстел барысында, сондай-ақ Жәнібек екінші арнайы тобының инспекторы, полиция капитаны Р.Теміров те осы орайдағы өз пікірін ортаға салды. Бөлім қызметкерлерінің түрлі жағдайдағы мәселелер төңірегінде қойған сауалдарына полиция бөлімінің бастығы мен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары жан-жақты түсінік берді.

А.ЕСІРКЕПОВ