1.04.2019, 16:22
Қараулар: 27
Акция басталады

Акция басталады

Жәнібек аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі  М.Қаташевтің берген мәліметі бойынша ҚР Ішкі істер министрінің «Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру қағидасын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 наурыздағы №266 бұйрығына сәйкес ҚР Ішкі істер министрлігі тарапынан халықтан атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу акциясы басталады. Бұл іс-шара қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып, жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2019 жылғы 10 сәуірден бастап ерекше өкімге дейін жүргізілетін болады. Шара шығындары республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады. Сыйақы мөлшерін белгілеу кезінде қару-жарақ заттарының техникалық жай-күйі және оның атуға жарамдылығы ескеріледі. Қару атуға жарамды болған жағдайда төлем, ұсынылатын құнының 100 пайызы, ал атуға жарамсыз болған жағдайда, ұсынылатын құнының тиісінше 70 немесе 30 пайызы есебінде жүргізіледі. Толық ақпарат алу үшін: 8-747-670-19-55, 8-771-880-52-66 нөмірлеріне хабарласуға болады.

А.БАЙБАРАҚ