1.04.2019, 17:53
Қараулар: 672
Сот ашықтыққа бет бұрды

Сот ашықтыққа бет бұрды

Аудандық соттың бас маманы – сот отырысының хатшысы Тұрманбет Бекқалиев М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінің студенттерімен кездесті. Кездесу барысында ол республика судьяларының VІ съезінде және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша сот жүйесін дамытудың басым бағыттарына тоқталды.

-Олардың қатарында қазіргі заманғы және сапалы сот төрелігін көздейтін азаматтық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру бар. Сот төрелігін жүзеге асыру бойынша жұмысты оңтайландырудың, сот ісін жүргізудің барынша ашықтығына қол жеткізудің перспективалық бағыттарының бірі – ақпараттық технологияларды қолдану болып табылады. ҚР Жоғарғы Соты Төрағасының 2014 жылғы хаттамалық тапсырмасына сәйкес аудандық және оған теңестірілген соттарда 2015 жылғы қаңтарда «Төрелік» ақпараттық жүйесін енгізу шеңберінде «Төрелік» жобасы пайдалануға берілді. Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап ҚР Жоғарғы сотында облыстық және оған теңестірілген соттарда, аудандық және оған теңестірілген соттарда «Төрелік»  барлық азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істер бойынша жаңа автоматтандырылған ақпараттық жүйесі іске қосылды, — деген Тұрманбет Мұсаұлы сот ісін жүргізудің оңтайландырылған тұстарына кеңінен тоқталып, жан-жақты түсінік берді.

             Асқар ҚҰСАЙЫНОВ