2.04.2019, 18:15
Қараулар: 164
Газ қондырғысын орнатты

Газ қондырғысын орнатты

Ағымдағы жылдың 27-29 наурыз күндері аралығында «Абдуллин» жеке кәсіпкерлігі Жәнібек ауданының орталығына келіп, ауылдағы он алты мекеменің көлігіне газ қондырғысын орнатты. Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Руслан Сариевтің айтуынша, газ қондырғысын орнатудың мақсаты, ең алдымен мемлекеттің қаржысын үнемдеу және газ экологиялық тұрғыдан зиянсыз. Мемлекеттік мекеме көліктеріне арналған бензиннің бағасы 185 теңге болса, газдың бағасы 81 теңге, яғни екі есе арзан.

Г.МӘДИ